27 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы  №64 

408 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
2016 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-1 - бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің тәртібін айқындайды. 3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру бағдарламаларын және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі - МЖМБС) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. 4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім; 2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; 3) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – академиялық кезең ішінде кестеге сәйкес білім алушылардың білімін оқытушының аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарында өткізетін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру; 4) емтихан сессиясы – Академияда білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі; 5) кредит – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі; 6) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 7) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін анықтауға мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі; 8) оқу үлгерімінің орташа балы – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы; 9) транскрипт – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат. 2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі 5. Академияда білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру бақылау мен аттестаттаудың келесі нысандарында жүзеге асырылады: 1) ағымдағы бақылау; 2) межелік бақылау; 3) аралық бақылау. 6. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіліп, білімді аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда бақылауды қамтиды. Ағымдағы бақылау бағасы (рұқсат ету рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағасы (аудиториялық сабақтар) мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады. Ағымдағы бақылау тиісті пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушымен іске асырылады. Ағымдағы бақылауға оқу сабақтарын өткізуге қатыспаған тұлғалар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелерін басқаратын Академия проректорының жазбаша рұқсатынсыз жіберілмейді. 7. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау кезінде әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақ­тар­дағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, өзіндік жұмыс, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Үлгерімнің ағымдағы бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағаларының орташа арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі. Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылады. 8. Межелік бақылау бір академиялық кезең ішінде бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі. Межелік бақылау нәтижелерін оқытушы оқу журналына межелік бақылау өткізілген күннен кешіктірмей қояды және оқу процесінің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және олар Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі - ЖООКБИ) кафедра отырыстарында тұрақты қаралып отырады. Межелік бақылау ведомосі осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша жасалады. 9. Академиялық кезеңнің басында әр пән бойынша межелік бақылау өткізу нысаны ЖООКБИ кафедрасының шешімімен анықталады. Межелік бақылауды аттестаттау пәні бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы жүзеге асырады. 10. Академияда магистранттар мен докторанттарды аралық аттестаттау білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына және академиялық күнтізбелерге сәйкес емтихан тапсыру нысанында жүзеге асырылады. 11. Аралық аттестаттаудың кезеңділігі мен ұзақтылығы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Акаде­мия Ректорымен бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. 12. Емтихандар Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесі мен ЖООКБИ бірлесе отырып жасаған кестесіне сәйкес тапсырылады. Емтихан кестесі Академияның бірінші проректорымен бекітіледі және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі. 13. Емтиханды қабылдау тапсырылатын пән бойынша дәріс сабақтарын өткізген оқытушымен жүзеге асырылады. 14. Емтиханға межелік бақылау мен емтихандарды өткізу рәсіміне қатыспаған тұлғалардың қатысуына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелерін басқаратын Академия проректорының жазбаша рұқсатынсыз жол берілмейді. 15. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша рұқсат ету рейтингінің бағасы анықталатын нәтижелері бойынша үлгерімнің ағымдағы бақылау бағасының негізінде жүзеге асырылады. Пән бойынша рұқсат ету рейтингісінің оң бағасын иеленбеген білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді. 16. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелерін басқаратын Академия проректоры кейбір жағдайларда (сырқатына, бала тууына, жақын туысқандарының қайтыс болуына, қызметтік жағдайларға байланысты) растайтын құжаттарды ұсынуымен білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат береді. 17. Емтиханға келген білім алушының өзімен бірге сынақ кітапшасы болуы тиіс. 18. Емтихандар жазбаша, ауызша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Емтихан тест түрінде тапсырылғанда бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі. Әр оқу пәні бойынша емтиханды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезең басталғаннан бір ай мерзімнен кешіктермей Академияның Ғылыми кеңесімен анықталады. 19. Әрбір оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдағы бақылау бағасының (жіберілу рейтинг бағасы) орташа балы ескеріледі. 20. Қорытынды бақылауды өткізу үшін оқу-әдістемелік бөлімше емтихан алушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бақылаудың ведомосі береді. 21. Білім алушының емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосі мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. («қанағаттанарлықсыз») F бағасы тек емтихан ведомосіне ғана жазылады. 22. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң, білім алушыға оның оқу жетістіктерінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады. 23. Пәннің қорытынды бағасына рұқсат ету рейтингісінің және қорытынды бақылау бағалары кіреді. Оқу үлгерімін ағымдық бақылаудың бағасы (рейтингі) пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша білімінің қорытынды бағасының 40%-ын құрайды. 24. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттердің белгіленген санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып табылады және білім алушының транскриптіне жазылады. Білім алушы қорытынды бақылау бойынша (емтихан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. 25. «Қанағаттанарлықсыз» бағасынан оң бағаға емтиханды қайта тапсыру үшін білім алушы академиялық кезең аяқталысымен пәнді өздігінен оқып, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады. Қанағаттанарлықсыз бағаны бір реттен артық қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 26. Емтихан ведомосі барлық білім алушылар бойынша бүкіл оқыту кезеңінде кредиттер санын есепке алу және жинақтаумен айналысатын Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесіне беріледі. Емтихандық ведомостердің негізінде әр оқу пәні бойынша аралық аттестаттаудың жиынтық ведомосі жүргізіледі. 27. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің оқу жұмыс жоспарына, сондай-ақ оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте тапсырады. Сонымен қатар, білім алушылар тапсыру нәтижесі емтихандық ведомоске, сынақ кітапшасына және транскриптіге енетін оқытудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан тапсыра алады. 28. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда, емтихандық ведомостегі тегінің тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Дәлелді себептерге (сырқат болуы, отбасылық жағдайы, объективті себептермен) байланысты келмеген жағдайда ЖООКБИ директорының бекітілетін жеке емтиханды тапсыру кестесі жасалады. Дәлелді себептері болмаған жағдайда емтиханға келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі. «Қанағаттанарлықсыз» бағасынан оң бағаға қайта тапсырудың тәртібі осы Қағидалардың 26-тармағында анықталған. 29. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. 30. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңіне Академия Ректорының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады. 31. Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде негізгі емтихандық ведомосіне тіркелетін білім алушыға (докторантқа, магистрантқа) жеке емтихандық ведомосі әзірленеді. 32. Транскриптіге білім алушылардың барлық қорытынды бағалары жазылаы. 33. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессияларының қорытындысы негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру Академия Ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Көшіру балы Академияның Ғылыми кеңесі шешімімен белгіленеді. 34. Көшіру балын жинай алмаған білім алушы академиялық үлгермеушілігі үшін Академиядан оқудан шығарылады. Академиядан шығарылған адамға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5717 тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанда оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі. 35. Емтихандық сессиясы (аралық аттестаттау) аяқталған соң, емтихан нәтижелері және оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар Академияның кафедра және Оқу-әдістемелік кеңесінің отырыстарында қарастырылады. 3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі 36. Академияда білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбелерде, білім беру бағдарламаларында және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік (докторлық) диссертацияны қорғау нысанында өткізіледі. 37. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламалары, оқу жұмыс жоспарлары және жұмыс оқу бағдарламалары талаптарына сай білім беру процесін аяқтаған білім алушылар жіберіледі. 38. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасының талаптарын орындамаған жағдайда, академиялық үлгермеушілігі үшін Академиядан оқудан шығарылады. 39. Кешенді емтиханды қабылдау үшін Академия Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі – МАК) құрады. 40. Академия Ректоры 1 қарашаға дейін МАК Төрағаларының кандидатураларын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жібереді: 1) магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының тиісті бейінінде ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар және Академияда жұмыс істемейтін; 2) докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының тиісті бейінінде ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар және Академияда жұмыс істемейтін. 41. МАК құрамына оның мүшелерінің құқығымен: 1) магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының тиісті бейінінде ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік бағыты бойынша магистратурасы үшін МАК құрамына шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін құқық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлері); 2) докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейінінде ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы, немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар кіреді. 42. МАК-тың сандық құрамы кемінде 5 адамнан құрылып, 31 желтоқсаннан кешіктірілмей Академия Ректорының бұйрығымен бекітіледі және бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады. 43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу Академия Ректорының бұйрығымен тізім бойынша ресімделіп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады. 44. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының базалық (міндетті компонент) және бейіндік циклының пәндері кіреді. 45. Кешенді емтихан бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу нысанында жүргізіледі. 46. ЖООКБИ кафедралары кешенді емтихан бағдарламасын, оны өткізу нысанын және тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді. Кешенді емтиханның бағдарламасы Академияның Ғылыми кеңесімен бекітіледі. 47. ЖООКБИ кафедралары тестілеу тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеу өткізудің технологиясын әзірлейді. 48. Кешенді емтихан: 1) магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай бұрын; 2) докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады. 49. Кешенді емтихан нәтижелері әрбір магистрантқа және докторантқа жеке толтырылатын осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МАК отырысының хаттамасы ресімделеді. 50. МАК отырысының хаттамасын МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді. 51. Кешенді емтиханды тестілеу нысанында өткізген жағдайда жеке хаттама ресімдеудің негізі емтихан ведомосі болады. 52. Кешенді емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ЖООКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен Академиядан шығарылған адамға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5717 тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанда оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі. 53. Кешенді емтихан бойынша «оң баға» алған, бірақ диссертацияны қорғауға ұсынбаған білім алушылар ЖООКБИ директорының ұсынысы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен оқудан шығарылады. 54. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. 55. Апелляция өткізу үшін Академия Ректорының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады. Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісі хаттамасы қайта ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ №_______ хаттамамен қайта қаралды _____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды. 56. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. 57. Кешенді емтихан тапсырған білім алушы диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынымы негізінде Академия Ректорының бұйрығымен ресімделеді. 58. Диссертациялық жұмыстарды плагиатқа тексеру МЖМБС сәйкес жүзеге асырылады. Докторанттардың диссертациялық жұмыстары тексерілген соң, сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады. 59. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес қорғауға күніне 6-8 аспайтын магистрант жіберіледі. Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық отырысында оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 60. Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтылығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында кемінде 15 минут баяндамамен сөз сөйлейді. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК отырысында, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады. 61. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады: 1) ғылыми жетекшінің оң пікірі; 2) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми баспада немесе халықаралық, немесе республикалық ғылыми конференциялардың материалдарында кемінде бір мақаланың жарық көруі; 3) сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының жазбаша қорытындысы; 4) бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі); 5) диссертацияның жан-жақты сипаттамасы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытындысы берілетін, қорғалатын жұмыс бейініне біліктілігі сай келетін (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) бір рецензенттің рецензиясы болуы. Егер ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедра тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілсе, магистрант магистрлік диссертациясын қорғауға жіберілмейді. 62. Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижелері әрбір магистрант үшін жеке магистрлік диссертацияларды қарау бойынша МАК отырысының осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамасында ресімделеді. 63. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін растаған және магистрлік диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа МАК-тың шешімімен тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. МАК-тың шешімі әр магистрантқа осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша магистрлік диссертацияны қорғау бойынша МАК отырысының хаттамасымен ресімделеді. 64. Дипломға қосымша МЖМСБ, білім беру бағдарламалары және оқу жұмыс жоспарында көзделген көлемде магистранттың барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарының орындалуы туралы анықтама негізінде толтырылады. Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша оның кредиттердегі және академиялық сағаттардағы көлемі көрсетілген әр оқу пәні бойынша соңғы бағалары жазылады. 65. Мемлекеттік үлгідегі диплом мен қосымшаны тапсыру магистрлік диссертацияны қорғаған соң, отыз күнтізбелік күн ішінде Академия Ректорының бітірушілердің шығарылымы туралы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Академия Ректорының бітірушілер шығарылымы туралы бұйрығы магистранттардың қорытынды аттестаттауынан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК Төрағасының ұсынысы негізінде шығарылады. 66. МАК Төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттаудан кейін он жұмыс күні ішінде магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижелері туралы есепті дайындап, Академия Ректорына ұсынады. Қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестелер мен түсіндірме жазбадан тұрады. Түсіндірме жазбада: 1) жоғары оқу орнында аталған мамандық бойынша магистрлерді даярлау деңгейі; 2) кешенді емтиханда анықталған білім алушылардың біліміне сипаттама; 3) аталған мамандық бойынша магистрлерді даярлаудың сапасын талдау; 4) магистрлерді даярлаудағы кемшіліктер; 5) магистрлік диссертация тақырыптарының ғылым, техника, мәдениет және өндіріс сұраныстарының қазіргі жай-күйіне сәйкестілігі; 6) магистрлік диссертацияларды орындау сапасы; 7) магистрлік диссертацияны қорғау деңгейінің сараптау комиссиясының қорытындысына, ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің сын-пікіріне сәйкестілігі; 8) магистрлерді даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер көрсетіледі. 67. Магистранттардың қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебіне МАК Төрағасы қол қояды, Академияның Ғылыми кеңесінде қарастырылады және бекітіледі. 68. Академия магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсынады. Есепке бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы, берілген дипломның нөмірі және қызмет орны көрсетілген тізім тіркеледі. 69. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңестің отырыстарында жүзеге асырылады. Диссертациялық кеңесті құру және докторанттарға дәреже беру тәртібі 2011 жылғы 31 наурыздағы Білім және ғылым министрлігінің № 126 «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік теркеу реестрінде № 6929 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес анықталған. 70. МАК Төрағасы докторанттардың кешенді емтиханы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні аралығында кешенді емтихан нәтижелері туралы есеп жасайды және оны Академия Ректорына ұсынады. Кешенді емтихан қорытындысы туралы есебі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы 1,4 кестелері мен түсіндірме жазбадан тұрады. Түсіндірме жазбада: 1) аталған мамандық бойынша Академияда докторларды даярлау деңгейі; 2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне сипаттама; 3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау; 4) докторларды даярлаудағы кемшіліктер; 5) докторларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар көрсетіледі. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп МАК Төрағасының қолымен расталады, Академияның Ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі. 71. Академия докторантурада білім алушылардың кешенді емтиханы аяқталғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде докторанттардың қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есебін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсынады. Есепке бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы, берілген дипломның нөмірі және қызмет орны көрсетілген тізім тіркеледі. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Межелік бақылау ведомосі №___ рейтинг парагы Институт___________________ Мамандық ____________________ Пән курс _________ _____семестр_____оқу жылы Күні Р1 «___»_________20____ ж. Күні Р2 «___»_________20____ ж. № р/с Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Межелік бақылау % Орташа рейтингі % Жіберілу рейтингі Р1 Р1 7 апта 7 апта 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. Тьютор ________________________________ ___________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Институт директоры_______________________ ___________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қорытынды бақылау ведомосі Институт_________ семестр ___________ Мамандығы: «____________________» _________ оқу жылы Пән: ____________________________ _________ оқу тобы Кредиттің саны: _____________ «______»________________ Емтиханды өткізу күні __________________________________ Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) р/с Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Сынақ кітапшасының нөмірі Рұқсаттама беру рейтингі Емти­хандық баға Қорытынды баға Қолы пайызбен балмен әріппен 1. 2. 3. 4. 5. 6. … Институт директоры____________________________ ___________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының №___ хаттамасы (әрбір білім алушыға толтырылады) 20__ж. «___»_________ сағат ____ минуттан ____сағат ____минутқа дейін Қатысқандар: Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________ Комиссия мүшелері: ___________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру туралы _________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Білім алушы_____________________________________________________________________ емтихан тапсыруы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________________________________________________________________________ Сұрақтар: (пәндер блогі бойынша тест нәтижелері) 1)_____________________________________________________________________________________________ 2)_____________________________________________________________________________________________ 3)_____________________________________________________________________________________________ 1. Білім алушы __________________________ кешенді емтиханды______ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________________________________________________________________________ ___________________________________________ ______________________ бағамен тапсырды деп танылсын (балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша рейтингі көрсетілсін) 2. Білім алушы ___________________________________________________________________ белгіленсін. тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 3. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері (бар болған жағдайда) ______________________ ______________________________________________________________________________________________ Төраға __________________________ (қолы) Комиссия мүшелері __________________________ (қолы) __________________________ (қолы) Хатшы __________________________ (қолы) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Магистранттың магистрлік диссертациясын қарау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысының № ____хаттамасы 20__ж. «___»_______ сағат _____ минуттан ____сағат _____минутқа дейін магистрант___________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы ____________________________________________________________________________________________ тақырыбындағы магистерлік диссертациясын қарау бойынша Қатысқандар: Төраға____________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мүшелері: _____________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Магистрлік диссертация ____________________________________________ ғылыми басшылығымен орындалды _______________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі,немесе дәрежесі Консультация кезінде __________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі ______________________________________________________________________________________________ немесе дәрежесі жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы Оппонент ______________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі,немесе дәрежесі _____________________________________________________________________________________________ жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай материалдар ұсынылды: 1) магистрлік диссертация ______ парақта; 2) диплом жұмысына (жобаның) кестелер, сызбалар _____ парақта; 3) магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшісісінің қорытындысы бар пікірі ______________________________ ____________________________________________________________________________________________; «қорғауға жіберіледі» деп көрсетілсін 4) ____________________________________________________________________________________________ кафедра атауы және диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады ___________________________________________________________________ немесе ұсынылмайды деп көрсетілсін __________________________________туралы бітіртуші кафедраның шешімі; 5) магистрлік диссертацияға бағасы қойылған пікір ______________________________ _____________________________________________________________________________________________; пікір берушінің бағасы көрсетіледі 6) ресми емес пікірлер ____________________________________________________________________________ Магистрлік диссертацияның орындалғаны туралы хабарламадан кейін _________ минут ішінде магистрантқа мынадай сұрақтар қойылды: 1.___________________________________________________________________________________________ комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қойылған сұрақтар 2. ___________________________________________________________________________________________ комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қойылған сұрақтар Магистранттың қойылған сұрақтарға берген жауабының жалпы сипаттамасы ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Магистрлік диссертацияны қорғау барысында магистрант ____________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ жалпы теориялық және арнайы дайындық бойынша білім деңгейі қандай ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________көрсетті Магистрант магистерлік диссертацияны орындады _____________________________________________________________________________________________ білімді бағалаудың баллдық-рейтінгілік әріптік жүйесі бойынша бағасы бағамен қорғады деп танылсын. Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Төраға _________________________ (қолы) Комиссия мүшелері _________________________ (қолы) _________________________ (қолы) _________________________ (қолы) Хатшы _________________________ (қолы) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Магистрлік диссертацияны қорғау бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының № ____хаттамасы «_____»_______20___ж. _____сағат._____мин. ____сағатқа дейін_____мин. «Магистр» дәрежесін тағайындау туралы Қатысқандар: Төраға ___________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мүшелері: _____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Магистрант _____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы Кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны _________________________________________ кешенді емтихан, магистерлік диссертация, балл бойынша бағасы- ______________________________________________________бағамен қорғады білімді бағалаудың рейтингілік әріптік жүйесі, тапсыру күні Магистрант кешенді емтиханды тапсырды және магистерлік диссертацияны қорғады деп танылсын. Магистрантқа __________________________________________ тағайындалды. тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мамандығы бойынша ___________________________________________________________________________ (код және мамандық атауы) «Магистр» дәрежесі ____________________________________________________________________________ Комиссия мүшелерінің маңызды пікірлері ___________________________________________________________ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы дипломды беру. Төраға _________________________ (қолы) Комиссия мүшелері _________________________ (қолы) _________________________ (қолы) _________________________ (қолы) Хатшы _________________________ (қолы) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан № 1 Кесте Кешенді емтиханның тапсыру қорытындысы__________________жыл ЖОО атауы ____________________________________ мамандығы ____________________________________ Қорытынды аттеста­цияның Қорытынды аттестацияға жібер­іл­гендердің саны Тапсыр­ған­дардың саны Үздік Жақсы Қанағат Қана­­ғат­­тан­дырмау Орташа балл Келм­е­гендер % сапасы % тапс­ыр­ға­ндардың үлгерімі Кешенді емтихан № 2 Кесте Диссертацияны қорғаудың _____________________ қорытындысы (магистерлық) __________________ жылға ЖОО атауы ___________________________ мамандығы ___________________________ Қорытынды аттеста­цияның Қорытынды аттестацияға жібер­іл­гендердің саны Тапсыр­ған­дардың саны Үздік Жақсы Қанағат Қана­­ғат­­тан­дырмау Орташа балл Келм­е­гендер % сапасы % тапс­ыр­ға­ндардың үлгерімі Дисс­рета­цияның қорғау № 3 Кесте Бітірушілердің қорытынды аттестацияларының бағалары ________ жылға ЖОО атауы __________________________________________ мамандығы ________________________________ ҚА жіберіл­гендердің саны ҚА келме­гендердің саны ҚА тапсыр­ғандардың саны Оның ішінде тапсырғандар Қанағат­танарлықсыз баға алғандар Орташа балл Тек өте жақсы Тек өте жақсы және жақсы Аралас бағалар Тек қанағат­танарлық № 4 Кесте Салыстырмалы анализ шығарылымы Көрсеткіштері Алдыңғы кезең Есеп беру кезеңі Сапасы % Үлгерімінің % Орташа балл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 сәуір Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13660 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік тілегі орындалады

Пікір • Бүгін, 09:45

Мұнайшылар шет қалмады

Референдум 2024 • Бүгін, 09:40

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Референдум 2024 • Бүгін, 09:37

Мерекелік рәуіште өтті

Референдум 2024 • Бүгін, 09:30

Демократия нышаны

Референдум 2024 • Бүгін, 09:27